Kaztechnology командасы Қытайда өткен ең ірі Prolight + Sound Guangzhou 2026 халықаралық көрмесіне барды. Компания өкілдері «ақылды қалаларды» дамытуға арналған озық AI-шешімдерді, мультимедиялық кешендерді және инновациялық жүйелерді зерттеді
Kaztechnology командасы Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен Prolight + Sound Guangzhou 2026 халықаралық көрмесіне және Visual X мамандандырылған технологиялық алаңына барды. PLSG 2026 – кәсіби дыбыс, жарық және сахналық жабдықтар, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы әлемдегі ең ірі және Азиядағы ең беделді халықаралық көрме. Шара Messe Frankfurt алпауытымен бірлесіп ұйымдастырылды.

220 000 шаршы метр аумақта 22 павильон орналасты. Шара бүкіл әлемнен 2 227 компанияның басын қосып, олар заманауи цифрлық шешімдерді, мультимедиялық технологияларды, ақпаратты көрсетудің зияткерлік жүйелерін және жасанды интеллект саласындағы инновациялық әзірлемелерді ұсынды. Көрмеге 110 мыңға жуық кәсіби маман келді.
Сапар барысында компания өкілдері ең жаңа мультимедиялық кешендермен, интерактивті дисплейлермен, AI-шешімдермен, компьютерлік көру технологияларымен, зияткерлік басқару жүйелерімен, цифрлық платформалармен және деректерді визуализациялаудың заманауи құралдарымен танысты.
Сондай-ақ көрмеде ақылды қалалар, көл ік инфрақұрылымы, цифрлық коммуникациялар, бейнебақылау және заманауи визуалды мониторинг жүйелеріне арналған шешімдер ұсынылды, бұл бағыттар Kaztechnology қызметіне өте жақын.
Мысалы, бұрын камераға «ойлану» үшін қуатты қашықтағы сервер қажет болса, 2026 жылы тренд тікелей камера корпусына орнатылған чиптерге ауысты. Zowietek әзірлеушілері NDI® 6 хаттамаларын қолдайтын және ішіне орнатылған Edge AI Tracking алгоритмдері бар PTZ-камераларын таныстыруда. Олар нақты уақыт режимінде нысандарды тани алады, көлік қозғалысын немесе ағындағы нақты тұлғаларды бақылап, 24/7 режимінде автономды жұмыс істейді. Сондай-ақ Wi-Fi 6 немесе бір кабель (PoE) арқылы қысылмаған 4K-бейнені таратады, бұл оларды қалалық инфрақұрылым элементтеріне орнатуды айтарлықтай жеңілдетеді.
Шараның ауқымы, ұйымдастырылу деңгейі және ұсынылған инновациялық технологиялардың саны компания командасына үлкен әсер қалдырды. Көрме AI, мультимедиа, цифрландыру және болашақтың зияткерлік технологиялары саласындағы әлемдік трендтермен танысу алаңына айналды.