Kaztechnology Астанада өтетін AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумына қатысады. Компания өзiнiң цифрлық шешімдерін ұсынып, IT-индустрия көшбасшыларымен келешегі бар жобаларды талқылайды
1-3 қазан аралығында Астанада Қазақстанның басты технологиялық оқиғаларының бірі — AI & Digital Bridge 2026 өтеді.
1-3 қазан аралығында Астанада Қазақстанның басты технологиялық оқиғаларының бірі — AI & Digital Bridge 2026 өтеді. Форумға IT-индустрия, бизнес, мемлекеттік сектор, инвесторлар мен стартаптар өкілдері қатысады. Іс-шараның негізгі тақырыптары — жасанды интеллект, цифрлық трансформация және бизнес-процестерді автоматтандыру.
Kaztechnology компаниясы форумда бизнес пен инфрақұрылымдық жобаларға арналған заманауи цифрлық шешімдер саласындағы өз құзыреттіліктерін таныстырады. AI & Digital Bridge 2026 алаңында компания мамандары салалас әріптестерімен тәжірибе алмасып, әлеуетті серіктестермен бірлескен бастамалар мен ынтымақтастықтың келешек бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр.
«IT-саланы дамыту кәсіби диалогсыз мүмкін емес. Kaztechnology үшін бұл форумға қатысу — Қазақстанның цифрлық трансформациясына өз үлесін қосуға және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға берілген мүмкіндік», — деп атап өтті компания өкілдері.
Kaztechnology ұраны:
«Технологияларды жасаймыз, цифрлық шешімдерді дамытамыз және Қазақстанның цифрлық болашағын құрамыз».


