Таразда Women in Tech Kazakhstan ұйымдастырған Autumn WIT Meetup өтті.
AI әр әйелге қолжетімді: Таразда Women in Tech Kazakhstan тегін оқыту мен цифрлық қауіпсіздық туралы кездесу өткізді
Таразда Women in Tech Kazakhstan ұйымдастырған Autumn WIT Meetup өтті. Қатысушылар жасанды интеллект бойынша тегін білім беру бағдарламаларымен танысып, жеке деректерді, қаржыны және аккаунттарды цифрлық ортада қалай қорғауға болатынын қарапайым әрі түсінікті тілде талқылады.
Кездесуде Women in Tech Kazakhstan әйелдерге жасанды интеллект құралдарын оқу, мансап, жұмыс және кәсіпкерлік салаларында қолдануға көмектесетін AI for Her және AI for Her Business жобаларын таныстырды.
«Жасанды интеллектті қолдануды бастау үшін бағдарламашы болудың қажеті жоқ. Біз үшін әр әйелге AI құралдарының қазірдің өзінде қолжетімді екенін және оларды жұмыста, оқуда немесе бизнесті дамытуда нақты қолдануға болатынын көрсету маңызды», — деді Women in Tech тең құрылтайшысы және Event Director Алима Умутбек.
Кездесудің екінші негізгі тақырыбы цифрлық қауіпсіздік болды. Таразда «Аман Бол» бағдарламасы таныстырылды. Жоба күрделі техникалық терминдерсіз цифрлық қауіптерді тануды, жеке және қаржылық ақпаратты қорғауды және онлайн-сервистерді қауіпсіз пайдалануды үйретуге бағытталған.
Бұл тақырып «Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік: деректер, ақша және жеке шекаралар» атты пікірталаста жалғасты. Оған банк саласының, бизнестің және өңірлік цифрландыру саласының сарапшылары қатысты. Панельдік сессияның модераторы — Women in Tech General Project Manager Айдай Айтакова.
«Цифрлық қауіпсіздік — бүгінгі күнделікті өмірдің бір бөлігі. Әйелдер өз деректері мен қаржысын қалай қорғау керегін және интернетте күн сайын кездесетін қауіп-қатерлер кезінде не істеу керегін білуі маңызды», — деді Women in Tech Taraz жетекшісі Адель Шимбергенова.
Autumn WIT Meetup Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық университетте өтті. Women in Tech Kazakhstan өңірлік кездесулер арқылы жасанды интеллект пен цифрлық қауіпсіздік туралы білімді әйелдерге мамандығы мен техникалық дайындығына қарамастан қолжетімді етуді көздейді.


