Kaztechnology Қарағанды – Жезқазған – Маңғыстау пойызында Starlink спутниктік интернетін іске қосты
Kaztechnology компаниясы Қарағанды – Жезқазған – Маңғыстау бағыты бойынша қатынайтын №79/80 жолаушылар пойызын Starlink технологиясы негізіндегі спутниктік интернетпен жабдықтады.
Kaztechnology компаниясы Қарағанды – Жезқазған – Маңғыстау бағыты бойынша қатынайтын №79/80 жолаушылар пойызын Starlink технологиясы негізіндегі спутниктік интернетпен жабдықтады. Жоба Қазақстанның далалы әрі халық аз қоныстанған өңірлерін басып өтетін жолаушыларды үздіксіз байланыспен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жолдағы 40 сағат – байланыс үзіліссіз
Қарағанды, Ұлытау және Маңғыстау облыстарын ауысып отырусыз тікелей жалғаған теміржол бағыты 2026 жылдың көктемінде ашылған болатын. Пойыз аптасына екі рет қатынайды, ал жолдың жалпы ұзақтығы шамамен 41 сағатты құрайды (Жезқазған – Маңғыстау учаскесі – 29 сағатқа жуық).
Starlink технологиясын енгізу дәстүрлі ұялы байланыс операторларының қамту аумағы мүлдем жоқ «байланыссыз аймақтар» мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Жұмыс пен демалысқа арналған жаңа мүмкіндіктер
Спутниктік интернеттің арқасында пойыз жай ғана көлік құралынан толыққанды цифрлық кеңістікке айналуда. Ұзақ жол жүру кезінде жолаушылар келесі қызметтерге қол жеткізе алады: жақындарымен байланыста болу үшін мессенджерлер мен әлеуметтік желілер; жолда жұмыс істеуге арналған электрондық пошта мен корпоративтік сервистер; ақпараттық және мультимедиялық ресурстар.
Көлікті цифрландырудың негізі
Kaztechnology өкілдері желіге қосылу мүмкіндігі бортындағы цифрлық инфрақұрылымды дамытудың ауқымды стратегиясының бір бөлігі ғана екенін атап өтті. Болашақта интернетке қосылу мультимедиялық жүйелерді, ақпараттық платформалар мен мониторинг сервистерін енгізуге негіз болады.
«Бiздiң басты басымдығымыз — орналасқан жеріне қарамастан, технологиялардың адам игілігі үшін жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Алыс теміржол бағыттарында орнықты байланысты дамыту бүкіл Қазақстан бойынша жолаушылар тасымалының жайлылығының жаңа стандартын қалыптастырады», — деп атап өтті компания өкілдері.


