Президент Тоқаевтың қатысуымен өткен көрме технология, логистика және жасанды интеллект саласындағы мамандардың басын қосты. Kaztechnology командасы да GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 көрмесіне қатысты
GITEX көрмесі 2026 жылғы 4–5 мамыр аралығында «Атакент» ҚІЫО-да өтті. Шара Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен, Astana Hub және Алматы қаласы әкімдігімен серіктестікте ұйымдастырылды.

GITEX көрмесі 2026 жылғы 4–5 мамыр аралығында «Атакент» ҚІЫО-да өтті. Шара Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен, Astana Hub және Алматы қаласы әкімдігімен серіктестікте ұйымдастырылды.
Іс-шараға арнайы барған Президент Тоқаев Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, цифрлық экономика әлемдік ЖІӨ-нің 15 пайызынан астамын құрайтынын атап өтті. Бұл стандарттар мен қызмет көрсету нарықтары тауар нарығынан басым болатынын айғақтайды. Мемлекет басшысының айтуынша, болып жатқан өзгерістер физикалық шындық пен цифрлық кеңістік арасындағы шекараны жойып жатыр.
Іс-шара аясында Kaztechnology өкілдері IEC Telecom Kazakhstan серіктестерімен жұмыс кездесуін өткізіп, алдағы ынтымақтастық пен телекоммуникациялық және цифрлық шешімдерді бірлесе дамыту перспективаларын талқылады.
Kaztechnology командасы жасанды интеллект, телекоммуникация, бұлтты технологиялар және цифрлық инфрақұрылым саласындағы инновациялық өнімдерді ұсынған шетелдік технологиялық компаниялардың, жергілікті IT-ұйымдардың және перспективалы стартаптардың стендтерімен танысты.
Іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуы мен көрме экспозициясының ауқымы Kaztechnology командасына ерекше әсер қалдырды: GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 көрмесіне 600-ден астам халықаралық компания, соның ішінде Cisco, Cloudflare, Google Cloud, Huawei, Dell, H3C Technologies және т.б. әлемдік технологиялық көшбасшылар қатысты.
Фотосуреттер көзі: Akorda ресми сайты Сілтеме: https://www.akorda.kz


