KAZTECHNOLOGY Freedom Inside 2026 халықаралық форумына қатысты
2026 жылғы 9 сәуірде Kaztechnology командасы Freedom Holding Corp. ұйымдастырған Freedom Inside 2026 халықаралық форумының қатысушысы болған. Форум Астанадағы Тәуелсіздік сарайының екі сахнасында 3000-нан астам қатысушы мен 25-тен астам спикердің басын қосты. Бизнес, технология және цифрлық сервис өкілдері сервистер жиынтығын біртұтас экожүйеге айналдыруға негізделген бизнесті дамытудың жаңа моделін талқылады.

Kaztechnology компаниясы қолдау көрсету қызметінен бастап әзірлеу мәдениетіне енгізуге дейінгі барлық кезеңде AI-ға (жасанды интеллект) басымдық беру туралы Freedom идеяларымен үндес. Freedom компаниясы NVIDIA-мен және мемлекетпен бірлесіп, инвестиция көлемі шамамен 2 млрд долларды құрайтын ұлттық AI-хабты іске қосуда. Мұндай инфрақұрылымды құру пайдаланушылардың цифрлық өмірін қамтамасыз етіп, жаңа дағдылар қалыптастырады.
Форум синергияның экономика мен күнделікті өмірді қалай өзгертетіні туралы диалог алаңы ретінде танылды. Kaztechnology назарында – экожүйелік тәсілдің өз жобаларын дамытуда қаншалықты пайдалы болатынын зерттеу. Компания үшін пайдаланушылардың жайлылығын арттыру және сервис сапасын жақсарту мақсатында ең заманауи технологиялық шешімдерден қалыс қалмау маңызды.
#Kazteh #kaztechnology #it #freedom #форум #астана #AI